Елордада автокөлік өртенді

13 наурызда таңертең астанада көлік өртенді.

Алматы, NEGE. Елордалық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, сағат 07.34-те Нұр-Сұлтан өрт сөндіру қызметіне Қонаев көшесі 14/2 мекенжайында көлік өртенгені туралы хабарлама келіп түскен.

"Өртсөндірушілер келген бойда ВАЗ 2114 маркалы автомобилінің қозғалтқыш бөлігі мен салоны жанып жатқаны анықталды. Оқиға орнында автокөлік иесі болған жоқ. Өрт 07.46-да жойылды", - деді қалалық ТЖД өкілі.

Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрттің алдын ала себебі - қозғалтқыштағы электр сымдарының тұйықталуы.