Демалыс күні Елордада автобус жүрмейді

Бұл күні дезинфекция жұмыстары жүргізіледі.

Алматы, NEGE. 6 қыркүйек, жексенбі күні қоғамдық көлік қозғалысы бір күнге тоқтайды. Бұл күні автобустар мен автопарктерде дезинфекциялық жұмыстар жүргізіледі.

Сенбі күні қоғамдық көлік сағат 23:00-ге дейін жүреді. Дүйсенбі күннен бастап, 7 қыркүйекте қалалық және қала маңына қатынайтын автобустар қалыпты жұмыс істейді.

Еске сала кетейік, қоғамдық көлікке маска тағып кіру керек. Жол ақысы тек электронды түрде төленеді.

Қазір оқып жатыр

Алматы облысында Отан қорғаушылар күні айрықша аталып өтті

Ұрып-соғып, үтікпен күйдірген: Шымкентте балаларына қорлық көрсеткен ана сотқа тартылды

Қытайда екі экс-қорғаныс министрі өлім жазасына кесілді

Үкімет курьерлер мен таксишілерге төленетін әлеуметтік төлемдер мәселесін шешу жолын іздестіруде