Елордада автобус жолақтарына қатысты онлайн дауыс беру басталды
Елордада автобус жолақтарына қатысты онлайн дауыс беру басталды.
Алматы, NEGE. «Елордада қарбалас сағаттардан тыс және демалыс күндері арнайы бөлінген автобус жолақтарын пайдалану мәселесі бойынша онлайн-дауыс беру басталды. Осыған байланысты біз қала тұрғындары мен қоғамдық көлік жүргізушілері арасында аталған жаңалықты енгізуге қалай қарайтындығы туралы сауалнама жүргізуді ұйғардық», - деп атап өтеді Нұр-Сұлтан қалалық Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасына қарасты CTS компаниясы.