Елордада ауа сапасы нашарлайды

«Қазгидромет» мамандары 10 қазан күні Қазақстан қалаларында ауа сапасы қандай болатынын жариялады.

Алматы, NEGE. Сенбі күні еліміздің бір қаласында – Нұр-Сұлтанда қолайсыз метеорологиялық жағдай қалыптасып, ауа ластануы мүмкін. Өзге шаһарларда метеоахуал – бірқалыпты.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.