Елордада арнаулы операция өтті

Елордада арнаулы операция барысында қалаға тұрақты есірткі затын жеткізіп отырған арна жойылды.

Алматы, NEGE. «Нұр-Сұлтан қаласына есірткі жеткізу арнасының жолын кесуге бағытталған, нақты жоспарланған іс-шара барысында 37 жастағы Жамбыл облысының тумасы ұсталып, одан Калашников автоматы мен оның 2 магазині, 50-ге жуық оғы тәркіленді.

Сараптама тағайындалды. Ұсталған күдіктінің тұрғын үй жайын тінту барысында 3 полиэтилен пакеттегі және өлшеніп 5 түйіршікке салынған марихуана, 7 млн 440 мың теңге табылды. Тәркіленген есірткі затының жалпы салмағы 3 келіні құрайды және қара нарықтағы құны шамамен 6 млн теңгеге жуықтайды», – делінген Нұр-Сұлтан қалалық полиция департаментінің ақпаратында.

Күдікті ірі көлемде есірті затын заңсыз сақтағаны үшін ҚР Қылмыстық кодексінің 296-бабы 4-тармағымен 3-тен 7 жылға дейін, ал ҚР ҚК 287-бабы 3 тармағымен қару-жарақты заңсыз ұстағаны үшін 5 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Ұсталған азамат Нұр-Сұлтан қалалық полиция департаментінің уақытша оқшаулағышына қамалды. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Қазір оқып жатыр

Алматыда жаппай төбелес кезінде екі оқушы көз жұмды

Трамптың ұлдары Қазақстандағы вольфрам жобасына қаржы құйды

Мәсімовтің бұрынғы күйеу баласы қос азаматтығы болғанын мойындады

Вьетнамда ұсталған блогер Қайсар Қамза көшеде еркін қозғалып жүр