Елордада арбамен билеуден чемпионат өтті

Елордада арбамен билеуден Астана қаласының ашық чемпионаты өтті. Жарыс халықаралық дәрежедегі спорт шебері Малика Мұқтарованы еске алуға арналды

, деп хабарлайды 24.kz.

Ол көптеген ірі сайыстарда ел намысын қорғап, көк байрағымызды әлем елдерінде желбіреткен еді. Параспортшы биыл мамыр айында өмірден озды. Еске алуға арналған жарыс Астана қаласының спорттық би федерациясының ұйымдастыруымен өтті. Бұл чемпионатқа тірек-қимыл аппараты зақымдалған парабишілер қатысты. Басты талап жастары 21-ден аспауы тиіс.

Даяна Елубаева, Астана қаласы мүгедектігі бар адамдарға арналған спорт мектебінің баспасөз хатшысы:

- Арбамен билеуге арналған жарысқа 50-ге жуық спортшы қатысты. Олардың барлығы тірек-қимыл аппараты зақымдалған спортшылар болып табылады. Астана қаласы, Алматы қаласы, Қарағанды және Ақкөл аймақтарынан спортшылары жиналды, сайысқа түсіп жатыр.

Қазір оқып жатыр

Қазақстанға Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоған келді

Трамптың ұлдары Қазақстандағы вольфрам жобасына Пентагоннан тағы 400 млн доллар сұрады

Қазақстанда құрбан шалу рәсімін қашықтан өткізуге арналған сайт іске қосылды

15 мамырда Парламент Палаталарының бірлескен отырысы өтеді