13 августа 2023 г. 19:51

Елордада Әл-Фараби даңғылының бір бөлігі жөндеу жұмысына байланысты жабылады

Фото:

Астана қаласының әкімшілік полиция басқармасының келісімі бойынша жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Әл-Фараби даңғылындағы жол төсемін орташа жөндеу жұмысы жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Атырау, NEGE. Жөндеу жұмысына байланысты осы жылдың 14-18 тамызы аралығында Әл-Фараби даңғылының Ж.Досмұхамедұлы көшесінен А.Пушкин көшесінің көлік айырбасына дейінгі аралығында көлік қозғалысы ішінара жабылатын болады.

Елорда тұрғындары мен қонақтары қала жолдарында кептеліс тудырмас үшін қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы қажет.

Тегтер: