Елордада 22 нысан карантинге жабылды

Олардың арасында көппәтерлі тұрғын үй кешендері мен әлеуметтік мекемелер де бар, деп хабарлайды «Хабар 24». Қоршауға алынған аумақтарда 200-ден астам адам жаппай дезинфекциялау жұмыстарын жүргізді.

Алматы, NEGE. Қауіптің алдын алу шарасында әскерилер де атсалысты.  Елордадағы Абылайхан-Рысқұлбеков-Мүсірепов және Мұстафин көшелерінің қиылысы толықтай карантинге жабылып, ауқымды дезинфекция жүргізілді. Медицина мамандары мен әскерилер негізгі көшелер мен ойын алаңдарын толықтай тазалап шықты.

Алматы ауданы әкімінің орынбасары Марлен Қасенов: "Қалалық бас санитар дәрігердің қаулысы бойынша 15 сәуірде Абылайхан-Мұстафин-Рысқұлбеков көшелерінің аумағында шектеу шаралары енгізілді. 16 сәуірде ауқымды дезинфекциялау жұмыстары жүргізілді. Негізгі көшелерден бөлек, мекенжай аумағының ішкі бөліктері мен үйдің кіре берістері және аулалар, балалар алаңдары тазаланды" деді.

Қазір тоғыз үй карантинге жабылды. Бұл мекенжай тұрғындары жақын маңдағы азық-түлік дүкендеріне ғана шыға алады. Ал дәрі-дәрмекті тек тапсырыспен алдырады. Полицейлер бұл аумақты бақылауға алып, тәулік бойы күзетеді.

22 нысан - төрт денсаулық сақтау нысаны, екі жатақхана, жаңағы «Шарапат» әлеуметтік қызмет көрсету орталығы, сосын бірнеше подъезд.  Елордада 2800-ден астам тұрғын үйге үшінші мәрте дезинфекциялау жұмыстары жүргізілді. Күн сайын 500-ге жуық адам базарлар мен медициналық мекемелер, сауда ғимараттары және бақылау-өткізу бекеттеріне де дезинфекция ерітінділерін жиі себеді.

Қазір оқып жатыр

Атырау облысында дронға ұқсас техниканың бөлшектері табылды

«Шаршап кеттім»: Еркебұлан Тоқтар жеңілістен кейін үзіліс алатынын айтты

Шымкентте дәріханалардағы егу бөлмелерінде 4 адам қайтыс болған

Екінші әйелін шәкіртіне берген Құрбанәлі Ахметке айыппұл салынды