Елордада 21 тұрғын үй кешені карантинге жабылған

Елордада әртүрлі тұрғын үй кешеніндегі 4 кіреберіс карантинге жабылды, деп хабарлайды қала әкімдігінің баспасөз қызметі.

Алматы, NEGE. "2 мамыр күні әртүрлі тұрғын үй кешеніндегі 4 кіреберіс карантинге жабылды. Оның ішінде "Номад" тұрғын кешені де бар. Кіреберістерде дезинфекция жүргізілді. Тұрғындарға үйлерінен шығуға тыйым салынды. Олар үйдегі каратинде отыруы тиіс. Сондай-ақ бұл кіреберістерге басқа адамдардың келіуіне тыйым салынады", - дейді әкімдік қызметкерлері.

Қазіргі таңда бұл аумақты полиция қызметкерлері бақылауға алған әрі мұнда ескерту белгілері қойылыпты.

"Кіреберістер карантинге қалалық санитар дәрігердің қаулысы бойынша жабылады. Бұл шаралар тұрғындардың қауіпсіздігі үшін жасалды", - дейді әкімдік қызметкерлері.

Елорда әкімдігінің мәліметіне сәйкес, қазіргі таңда тұрғын үй кешендеріндегі 21 кіреберіс карантинге жабылған.

Нұр-Сұлтанда қауіпті індетті жұқтырдың 682 дерегі тіркелді.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев Қауіпсіздік кеңесінің отырысын өткізді

Шымкентте TikTok арқылы жүргізуші куәлігін саудалаған ер адам қамауға алынды

Air Astana басшылығына төленетін төлемдер шамамен 6 млрд теңгеге дейін ұлғайған

Зейнетақының 20 пайызын ұстап қалатыны рас па?