Елордада жедел жәрдем фельдшеріне шабуыл жасаған ер адам ұсталды

Астанада жедел медициналық жәрдем бригадасының фельдшеріне қол көтерген ер адам ұсталды. Бұл туралы Polisia.kz хабарлады.

gov.kz

Астана, NEGE. Медициналық қызметкерге күш қолдану фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Полицияның мәліметінше, жедел жәрдем бригадасы сауда орталығына шақырту бойынша барған. Оқиға орнында мас күйде болған екі ер адам болған. Олардың бірі өзін жайсыз сезінгенін айтқан.

Медицина қызметкерлері қажетті тексеру жүргізіп, алғашқы көмекті көрсеткен. Алайда жедел жәрдем бригадасы кетуге дайындалған кезде ер адамдардың бірі агрессивті әрекет танытып, фельдшерге қол көтерген.

Оқиға куәгерлері полиция қызметкерлерін шақырған. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Қазір оқып жатыр

Маңғыстауда алғаш рет шала туған нәрестелердің көзіне күрделі ота жасала бастады

2024 жылғымен бірдей шықты. Ағайынды Тастекейлер былтыр НЕГЕ көтеріле алмады?

Денсаулық сақтау саласының үздігі Бақыт Түменова дүние салды

«Қайрат» бас бапкерімен қоштаса ма?