Елордада зейнеткердің 3 млн теңгесін қалтасына басқан күдікті анықталды

Елордада зейнеткердің 3 млн теңгесін қалтасына басқан күдікті анықталды, деп хабарлайды Polisia.kz.

ғаламтордан

Алматы, NEGE. Сарыарқа аудандық полиция бөліміне елорда тұрғыны алаяқтықтың құрбаны болғаны туралы арызданды. Жәбірленушінің айтуынша, әлдебір ер адам оны фильтр ауыстырамыз деген желеумен алдап, ақшасын иемденіп кеткен. Содан күдікті 67 жастағы елорда тұрғынының 3 миллионға жуық ақшасын жымқырып кеткен.

Полиция бұл фактіні ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша тіркеді. Жедел-тергеу тобы зейнеткерді алдаған алаяқты ұстау үшін қажетті шараларды қабылдап, іздестіру шараларының нәтижесінде күдікті ретінде 24 жастағы ер адамды анықтаған.

Белгілі болғандай, жас жігіт дәл осылай елорданың тағы бірнеше тұрғынын алдап үлгерген. Қазіргі уақытта ер адам қамалды, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Қазір оқып жатыр

Ақтөбеде Жеңіс күніне арналған еске алу шаралары өтті

Тоқаев Мәскеудегі Жеңіс күніне арналған әскери шеруге қатысты

Қонаевта Жеңіс күніне орай боздақтар рухына тағзым жасалды

Астанадағы плац-концертте «Арланнан» түтін шықты