Елордада тұрғындарды жеңілдетілген несиемен көлік алып беремін деп алдаған ер адам анықталды

Елордада тұрғынға жеңілдетілген несиемен көлік алып беремін деп алдаған азамат анықталды, деп хабарлайды Polisia.kz.

ғаламтордан

Алматы, NEGE. 33 жастағы елордалық азамат тұрғынға 1 миллион теңге көлемінде ақшаны иемденіп, жеңілдетілген бағдарлама бойынша несиеге жаңа көлік алуға көмектесемін деп уәде берген. Ер адам алты ай бойы тұрғынды сендіріп келген.

Арада біраз уақыт өткен соң жәбірленуші өзінің алданғанын түсініп, полицияға хабарласты. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Есіл аудандық криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері қылмысқа қатысы бар азаматты анықтады.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Қазіргі уақытта оның елордада жасалған осыған ұқсас басқа да қылмысқа қатысы бар-жоғы анықталып жатыр.

Қазір оқып жатыр

Алматыда жаппай төбелес кезінде екі оқушы көз жұмды

Трамптың ұлдары Қазақстандағы вольфрам жобасына қаржы құйды

Мәсімовтің бұрынғы күйеу баласы қос азаматтығы болғанын мойындады

Вьетнамда ұсталған блогер Қайсар Қамза көшеде еркін қозғалып жүр