Астанада такси жолаушысы жүргізушінің телефонын ұрлап кеткен

Астана қалалық полициясына жергілікті тұрғын телефонының ұрланғаны жөнінде арызданды. Оның айтуынша, автокөлік салонынан құны шамамен 300 мың теңге тұратын iPhone 15 телефоны ұрланған.

ғаламтордан

Алматы, NEGE. Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде Байқоңыр ауданының криминалдық полиция қызметкерлері күдіктінің жеке басын анықтады. 42 жастағы ер адам такси қызметін пайдаланып, қажетті мекенжайға жеткен соң көліктен шығарда жүргізушіге тиесілі телефонды көзге түсірмей ұрлап кеткен. Салдарынан жәбірленушіге материалдық шығын келтірілген. Аталған факті бойынша қылмыстық іс тіркеліп, күдікті өз кінәсін мойындады.

Ол телефонның ашық жерде жатқанын пайдаланып, оны алып кеткенін айтқан. Қазіргі таңда оған қатысты ешқайда кетпеу және тиісті мінез-құлық туралы қолхат түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды.

Сонымен қатар оның бұған дейін қаланың басқа аумақтарында жасалған ұқсас қылмыстарға қатысы тексерілуде. 

Қазір оқып жатыр

Шымкентте жоғарғы сынып оқушысы өзінен кіші баланы тепкілеп кеткен

Жас балалары бар жалғызбасты ата-аналарды жұмыстан шығаруға тыйым салынбақ

Алматы облысының билігі Марат Омаровтың анасына зауыт салуға қалай рұқсат берді?

Алматы әкімдігі 800 млн теңгеге жер телімін заңсыз сатып алмақ болған