Елордада полиция көші-қон заңнамасын бұзған екі шетелдікті анықтады

Елордада полиция көші-қон заңнамасын бұзған екі шетелдікті анықтады,деп хабарлайды Polisia.kz.

Полиция

Алматы, NEGE. Елордада көші-қон тұрақтылығын сақтау және көші-қон процестерінің қылмыстық ахуалға жағымсыз әсерінің ықтимал тәуекелдерін азайту мақсатында осы жылдың 12-19 маусым аралығында елордада “Мигрант” жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.

Полицейлер шетелдіктердің республика астанасында болуын, олардың шетел азаматтарының құқықтық жағдайы туралы заң талаптарын сақтауын, елден дер кезінде шығуын қадағалайды.

 Жедел шара басталғалы еліміздің көші-қон заңнамасын бұзған 256 шетел азаматы мен 42 Қазақстан Республикасының азаматы анықталды. 42 шетел азаматы Қазақстан Республикасынан шығарылды.

Іс-шара кезеңінде құрылыс алаңдары, мейрамханалар, дәмханалар, базарлар мен сауда орталықтары тексеру жалғасуда. Операция барысында Есіл ауданының көші-қон қызметінің қызметкерлері шетелдік екі азаматты анықтады. Олардың бірі Қазақстанда болу мерзімінен асып кеткен. Оған қатысты әкімшілік хаттама толтырылды.

Сот шешімімен ол 5 жыл мерзімге елден шығарылды. Екіншісіне қатысты мемлекеттік шекараны заңсыз кесіп өту фактісі бойынша сотқа дейінгі өндіріс тіркеліп, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Қазір оқып жатыр

Референдумда 9 миллионнан астам қазақстандық дауыс берді

Халықтың 70,98 пайызы дауыс берді

Маңғыстау облысында референдум күні көпбалалы отбасында Атазаң есімді ұл дүниеге келді

Халықтың 51,93 пайызы дауыс берді: Референдум өткізілді деп саналады