Елордада пәтерден өрт шығып, 38 адам эвакуацияланды

Бүгін сағат 18:38-де Астана қаласы ТЖД бөлімшелері Нәжімеденов 39 мекенжайы бойынша төртінші қабаттағы пәтердегі өртке шықты.

ТЖМ

Алматы, NEGE. ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, өрт салдарынан айналаға қою түтін тарап, өрт сөндірушілер дереу өртті сөндіруге кірісті.

Елордалық өрт сөндірушілердің күшімен қазіргі уақытта 30 адам құтқарылды, оның 15-і бала, 38 адам эвакуацияланды, оның ішінде 15 бала бар.

Өртті сөндіруге елордалық ТЖД жеке құрамының 29 адамы және 8 техникасы жұмылдырылды.

Жалын 30 метр аумақты шарпыған. Өрт сағат 19-29-да сөндірілді

Қазір оқып жатыр

«Әкеміз қашан келеді?»: Отадан кейін көз жұмған депутаттың жары әділдік сұрайды

Сот Оразалы Ержановтың бостандығын шектеу туралы үкім шығарды

Hyundai-дің АҚШ-тағы мәселесі Қазақстандағы көліктерге әсер етпейді

Ақтауда депутат пластикалық отадан кейін қайтыс болды