Елордада көлікті бұзып, екі ноутбукты қолды қылған қос ер адам ұсталды

Астанада полиция қызметкерлері ұрлыққа қатысты күдіктілерді құрықтады, деп хабарлайды Polisia.kz.

ғаламтордан

Алматы, NEGE. Елорда тұрғыны полицияға арызданып, белгісіз екі адам көлікті ашу арқылы оның ішіндегі қымбат құрал-жабдықты алып кеткенін айтқан. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Алматы аудандық полиция басқармасының қызметкерлері күдікті екі жігітті ұстаған.

Белгілі болғандай тергеушілер күдіктілердің таңертең көлікті бұзып, екі ноутбукты ұрлап кеткенін анықтаған. Келтірілген шығын көлемі 800 мың теңгені құраған. Жастар жасаған кінәсін мойындап, олардың бұрын жасалған ұқсас қылмыстарға қатыстылығы анықталып жатыр.

Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Астана қаласы ПД азаматтарға көліктерінің терезелерін, есіктері мен жүксалғыштарын, сондай-ақ көліктердегі бағалы заттарды ашық қалдырмауға кеңес береді.

Қазір оқып жатыр

Атыраулық «хакер» Түркияда ұсталды

Digital Qazaqstan Battle ұлттық стартап-батлының финалистері анықталды

Елордада жедел жәрдем фельдшеріне шабуыл жасаған ер адам ұсталды

Жол инфрақұрылымының жаңғыруы: жаңа көлік дәліздері және өңірлердің дамуы