Елордада қызметтік ит жоғалып кеткен баланы тапты

Елордада Феликс лақап атты полиция итінің көмегімен жоғалған бала табылды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Полиция

Алматы, NEGE. Полицияға 8 жасар баланың тұрғын үйдің ауласынан жоғалып кеткені туралы хабарлама келіп түсті. Полиция жедел әрекет етіп, дереу іздеу шараларына кірісті. Кинологиялық қызмет орталығының қызметкері Азамат Оразкановты Феликс лақап атты қызметтік иті ізге бірден түсіп, балаға алып келген.

Феликс – неміс овчаркасы, жас иттердің бірі. Оның елорданың кинологиялық қызметіндегі жолы күшік кезінен басталған. 2 жыл ішінде оның көмегімен жоғалған 20-ға жуық азамат табылды.

Бұл жағдайда да төрт аяқты көмекшінің күш-жігерінің арқасында бала аман-есен табылып, үйіне оралды.

Қазір оқып жатыр

«Бір ғана өтінішіміз – бостандығымыздан айырмаңыздар»: Жанабыловтар сотта жылап тұрып кешірім сұрады

Қазақстандықтарға шенген визасын алу жеңілдейді: келіссөз қашан аяқталады?

Прокурор ерлі-зайыпты Жаныбыловтарды 4 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады

Алматылықтардың көлік салығы 7 млрд теңгеден асқан