Елордада ер адам алаяқтық жолмен танысына несие рәсімдеткен

Елордада ер адам алаяқтық жолмен танысының ақшасын иемденіп кеткен, деп хабарлайды Polisia.kz.

Фото: из открытых источников

Алматы, NEGE. Полицияға 35 жастағы елорда тұрғыны танысының ақшасын алаяқтық жолмен иемденіп кеткенін айтып арызданған. Жәбірленушінің айтуынша, танысы оған 1 миллион теңге төлеу шартымен ірі көлемде несие алуға көмектесемін деп уәде еткен. Алайда оның танысы ақшаны алғаннан кейін байланысын тоқтатып, хабарласпай кеткен.

Алматы аудандық полиция басқармасының полицейлері күдікті ретінде 30 жастағы ер адамды анықтаған. Ол алған ақшаны өз қалауы бойынша пайдаланғанын мойындаған.

Астана қаласы полиция департаменті азаматтарды қырағы болуды және бейтаныс адамдарға ақша аудармауды ескертеді.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымын әскери альянс ретінде сипаттайтындарға жауап берді

Нұрәлі Әлиев нағашы әжесі Сара Назарбаеваның ісін қолға алмақ

Қырғызстанда ММА шебері Медет Жээналиев қаза болды

1 маусымда «Алматы жастары» бағдарламасына өтінім қабылдау басталады