Елордада экологиялық сенбілік ұйымдастырылды
1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі мерекесі аясында Астанада "AMANAT" партиясы бастаған үлкен сенбілік өтті. Қала аумағын көгалдандыру мен абаттандыруды көздеген шараға партия белсенділері, "Жастар рухы" жастар қанатының мүшелері мен Астана қаласындағы Қазақстан халқы Ассамблеясының өкілдері қатысып, елорданың көркеюіне өз үлестерін қосты.
Сенбілікті "AMANAT" партиясының Астана қалалық филиалының Атқарушы хатшысы Болысбек Мұхаммед Әбдиашимұлы ашты. Ал іс-шараның басты назарында партияның Атқарушы хатшысы Кәрібек Дәулет Жамаубайұлы болды. Ол сенбілікке жеке өзі қатысып, ағаш отырғызу арқылы экологиялық жауапкершіліктің және азаматтық белсенділіктің маңызды үлгісін көрсетті.
"Бұл – тек табиғатты қорғау шарасы емес, бұл – бірлік пен болашаққа жауапкершілік символы. Біз елордамызды көркейтіп қана қоймай, ел ішіндегі татулықты, достықты, ынтымақты нығайта түсеміз", – деді Кәрібек Дәулет Жамаубайұлы өз сөзінде.
Отырғызылған көшеттер – достықтың, келісімнің және болашаққа деген қамқорлықтың тірі символына айналды. Бұл күні астаналықтар бірлік мерекесін тек сөзбен емес, нақты іспен атап өтті. Осы арқылы бірліктің басты құндылық екенін тағы бір мәрте дәлелдеді.
Айта кетейік, биыл – Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылғанына 30 жыл. Осы жылдар ішінде Ассамблея елдің бірлігін бекемдеуде, ұлтаралық келісімді қамтамасыз етуде маңызды қоғамдық институт ретінде танылып отыр. «Ассамблея – ел бірлігін іс жүзінде орнықтыра түсетін тиімді құрылым.
Бүгінгі сенбілік те сол берік бірліктің, ортақ жауапкершілік пен азаматтық үнқатысудың жарқын көрінісі болды.