Елордада Cinema City кинотеатрының ғимаратынан өрт шықты

Астанада бұрынғы Cinema City кинотеатрының ғимараты өртенді.

ТЖМ

Астана, NEGE. Төтенше жағдайлар министрлігінің хабарлауынша, елордалық өрт сөндірушілер Байқоңыр ауданында Амангелді Иманов көшесінде орналасқан жеке тұрған павильонда шыққан өртті сөндірді.

Оқиға орнында құтқарушылар жоғары дәрежелі шақырту бойынша жұмыс істеген.

«Нақтыланған мәліметтер бойынша, Байқоңыр ауданындағы Амангелді Иманов көшесінде орналасқан жұмыс істемейтін үш қабатты ғимаратта дәмхана мен ғимараттың сыртқы қаптамасы өртенген. Өрттің әсерінен жанында тұрған жүк көлігі зақымданды», – делінген ТЖМ хабарламасында.

Зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ.

Қазір оқып жатыр

Бағбандар, жүргізушілер, инженерлер: Тоқаев Түркістандағы саммитке үлес қосқан азаматтарды марапаттады

Депутат Алматыда Hilton қонақ үйін күштеп тартып алу әрекеті жүріп жатқанын мәлімдеді

Банктердің алтын дәуірі аяқталды – экономист

«Астана дәмханаларына ит еті жеткізілген» деген сыбысқа ветеринарлар не дейді?