Елордада бюджет қаражатын жымқырған балабақша директоры сотталды

«Алматы» ауданының прокуратурасы мемлекеттік тапсырыс шеңберінде елорда балабақшаларының біріне тексеру жүргізу барысында мектепке дейінгі білім беру саласында табельдеу арқылы балабақшаға бармаған балаларға бөлінген бюджет қаражатын ұрлау фактісін анықтаған.

gov.kz

Алматы, NEGE. 2021 жылғы маусым мен 2023 жылғы қыркүйек айының аралығында мемлекеттік қаражатты ұрлау мақсатында өзінің қызметтік жағдайын пайдалана отырып, балабақша меңгерушісі бюджет қаражатынан негізсіз төлемдер алған.

Қылмыстық әрекеттердің нәтижесінде мемлекетке 8,5 млн. теңгеден астам шығын келтірілген.

Кінәлі тұлға 3 жыл мерзімге коммерциялық ұйымдарда басшылық лауазымдарды атқару құқығынан айырыла отырып, сотталды.

Залал толық көлемде өтелді. Үкім заңды күшіне енді.

Қазір оқып жатыр

Алматы облысында оқушы мұғалімді ұрып, дене жарақатын келтірген

Мемлекеттік кірістер комитеті алаяқтыққа байланысты ескерту жасады

Жаңа туған нәрестені сүндеттеу қаншалықты дұрыс?

Астанадағы LRT алдағы демалыс күндері іске қосылады