Елордада бірнеше ауыр қылмыс жасаған қылмыстық топ өкілдері ұсталды

Елордалық полиция департаментінің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы қылмыстық топты ұстады.

Полиция

Алматы, NEGE. Оның құрамында бірнеше рет сотталған криминалитет өкілдері бар. Олар бірқатар ауыр қылмыс жасады деген күдікке ілінді.

«Эпизодтардың бірінде қорқыту және зорлық-зомбылық қолдану арқылы жергілікті тұрғыннан 5 млн теңге сомасында қаражат және Тоуота маркалы жол талғамайтын көлікті иемденген. Басқа жағдайда банктердің бірінің іргелес аумағында олар 6 млн теңгені ашық түрде тонап кеткен. Қылмыстық топтың барлық қатысушылары қамауға алынды. Олардың басқа да осыған ұқсас қылмыстық құқық бұзушылықтарға қатыстылығын тексеру жүзеге асырылуда. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобы жасаған бопсалау және тонау фактілері бойынша жүргізілуде», - деді ІІМ ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің өкілі Қуандық Алпыс.

Қазір оқып жатыр

Әл-Фараби даңғылындағы жол апаты: тергеу аяқталды

Алматы облысында терроризм туралы жалған хабарламалар тартқан екі оқушы ұсталды

Көкшетауда жалғызбасты ана жол апатынан қаза тапты: күдіктінің жүргізуші куәлігі болмаған

Шымкентте екі колледжде 1,3 млрд теңге жымқыру ісі: күдіктінің Дубайдағы пәтері бұғатталды