Елордада әлеуметтік желі арқылы тұрғындарды алдаған күдікті ұсталды

Астана қаласының полиция қызметкерлері әлеуметтік желі арқылы жасалған алаяқтық қылмысының бетін ашты.

полиция

Алматы, NEGE. Тергеу барысында анықталғандай, 21 жастағы күдікті Instagram әлеуметтік желісінде жалған парақша ашып, өзін жиһаз сатумен айналысатын кәсіпкер ретінде көрсеткен.

Ол түрлі жиһаз түрлерін төмен бағамен жарнамалап, «жеткізіп беремін» деген уәдемен азаматтардың сеніміне кірген. Ол алдын ала төлем жасауды талап етіп, ақшаны алған соң байланысқа шықпай отырған.

Нәтижесінде екі тұрғын алданған. Жалпы шығын көлемі 150 мың теңге болды. Оның басқа да қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев: «БҰҰ Жарғысы тапсырыспен алдыратын жеңсік ас емес»

Әдеп сақтамаған депутат жиында сөз сөйлеу құқығынан уақытша айырылады

«36 айлық көлемінде бонус алған»: QazaqGaz жауап бер(ме)ді

️Ресей Қазақстан мұнайын Германияға тасымалдауды тоқтатады: министр мән-жайды түсіндірді