Елордада тазалық күніне орай экологиялық сенбілік акциясы өтті

Бүгін – бүкіл әлемде Дүниежүзілік тазалық күні (World Cleanup Day). Қазақстан да бұл іс шарадан бей-жай емес 

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі

Астана, NEGE. Сенбілікке ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қызметкерлері, республикалық жастар және волонтерлік ұйымдардың өкілдері қатысты. Дәлірек айтқанда, Талдыкөл қалалық жағажайында «Көлді аяла» экологиялық акциясы өтті. Іс-шараны «Birgemiz:Taza Alem» жалпыұлттық жобасы шеңберінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен «Әлеуметтік жобалар қоры» корпоративтік қоры ұйымдастырды.Акция аясында Талдыкөл қалалық жағажайында 100-ге тарта адамның қатысуымен бір тоннаға жуық қоқыс жиналды.

Қазір оқып жатыр

Санкциядан қалған яхталар. Ресейлік табы бар түрік капиталы Қазақстанға қалай қиындық тудыруы мүмкін?

Астаналық оқушы Harvard University-ге оқуға түсті

Ресейде жаппай төбелестен кейін ұсталған қазақстандықтар ісі СІМ бақылауына алынды

Қарағандыда 12 жасар қыз бен оның анасының өліміне күдікті ер адамның денесі табылды