Елордада алаяқтық жасаған қонақүй әкімшісі анықталды

Елордада алаяқтық жасаған қонақүй әкімшісі құрықталды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Полиция

Алматы, NEGE. Есіл ауданы полиция басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында алаяқтық жасады деген күдікпен 28 жастағы қала тұрғынын анықтады. Тергеу барысында жігіттің сол жақ жағалауда орналасқан қонақ үйлердің бірінде әкімші болып жұмыс істейтіні белгілі болды.

Ресепшенде жалға берілген бөлмелер үшін төлемді қабылдау кезінде қаскүнем келушілерге ақша аудару үшін өз шотын берген. Осылайша алаяқ қалтасына 130 мың теңгені заңсыз салған.

Аталған фактіге қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Ұсталған азамат мойындау көрсетпелерін берді.

Оның елорда аумағында жасалған осыған ұқсас басқа да қылмысқа қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.

Қазір оқып жатыр

Air Astana басшылығына төленетін төлемдер шамамен 6 млрд теңгеге дейін ұлғайған

Зейнетақының 20 пайызын ұстап қалатыны рас па?

Алматыдағы жол апаты: қала әкімі бір аптадан кейін көңіл айтып, полицияға тапсырма берді

26 наурыз – Халықаралық Арал күні болуы мүмкін