Астана тұрғыны екі айлық қызын ұрып, бас сүйегін сындырған

Нұр-Сұлтан қаласының тұрғыны екі айлық қызын ұрып, бас сындырды. Ауыр жарақат алған нәресте қазір жансақтау бөлімінде жатыр.

Алматы, NEGE. Ер адам ішкен сайын әйелі мен бала-шағасына қол көтереді екен. Бұл жолы 2 айлық қызын бар күшімен еденге лақтырып, аямай сабаған. Соққыдан сәбидің бас сүйегі сынып, миына қан құйылған.

Дәрігерлердің айтуынша, баланың жағдайы нашар. Ал әкесі қамауға алынды.  

Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 107-бабы 1-бөлігі (денсаулыққа қасақана ауырлығы орташа зиян келтіру) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, тергеу жүргізілуде. ҚР 669-бабына сәйкес, сот бұрын белгілеген ерекше талаптарды бұзғаны үшін ер адам қамауға алынды. Тергеу барысы бақылауға алынды", - деді Нұр-Сұлтан қаласының ПД баспасөз қызметі.