Елорда: Полиция департаментінің басшысы тағайындалды
Солтүстік Қазақстан облысы Полиция департаментінің бұрынғы басшысы Марат Төлебаев Нұр-Сұлтан полициясының басшысы болды, - деп хабарлайды ІІМ баспасөз қызметі.
Алматы, NEGE. "Президент Әкімшілігінің келісімі бойынша, ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевтың бұйрығымен Нұр-Сұлтан қаласы Полиция департаментінің бастығы лауазымына Марат Төлебаев тағайындалды", - делінген хабарламада.