Елорда мен СҚО-да ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Алматы, NEGE. Елдің екі өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК сайты.

Төртінші қазан күні Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде жаңбыр аралас қар түрінде аздаған жауын-шашын болады. Түнде облыстың оңтүстігінде тұман түседі, күндіз облыстың солтүстігі мен шығысында жаяу бұрқасын, көктайғақ болады. Солтүстік жел күндіз облыстың солтүстігінде 15-20 м/с-қа күшейеді.

Петропавл қаласында 4 қазанда күндіз жаяу бұрқасын, көктайғақ болады. Күндіз солтүстік желдің екпіні 15-20 м/с-қа жетеді.

Нұр-Сұлтан қаласында төртінші қазанда көктайғақ болмақ.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымын әскери альянс ретінде сипаттайтындарға жауап берді

Нұрәлі Әлиев нағашы әжесі Сара Назарбаеваның ісін қолға алмақ

Қырғызстанда ММА шебері Медет Жээналиев қаза болды

1 маусымда «Алматы жастары» бағдарламасына өтінім қабылдау басталады