Елорда мектептеріне танымал тұлғалардың есімі берілмек

Нұр-Сұлтан қаласының бірнеше мектебіне елімізге танымал тұлғалардың есімін беру қаралып жатыр.

Алматы, NEGE. Нұр-Сұлтан қаласындағы кейбір білім беру ұйымдарына атау беру туралы Үкіметтің қаулысы АШЫҚ НҚА сайтына жарияланды.

1) Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «№ 11 мектеп-лицей» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне Өзбекәлі Жәнібековтің есімі;

2) Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «№ 49 орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне Қошке Кемеңгерұлының есімі;

3) Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «№ 69 мектеп-гимназия» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне Кемел Ақышевтың есімі;

4) Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «№ 2 балалар музыка мектебі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсiпорнына Роза Бағланованың есімі;

5) Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «№ 3 балалар музыка мектебі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсiпорнына Ермек Серкебаевтың есімі;

6) Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «№ 66 мектеп-лицей» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттiк коммуналдық кәсiпорнына Дінмұхамед Қонаевтың есімі;

7) Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «№ 77 мектеп-гимназия» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттiк коммуналдық кәсiпорнына Фариза Оңғарсынованың есімі;

8) Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «№ 83 мектеп-гимназия» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттiк коммуналдық кәсiпорнына Ыбырай Алтынсариннің есімі берілсін.

Айта кетейік, аталған мәселе бойынша қоғамдық талқылау 23 желтоқсанға дейін жалғасады.