Елорда мектептерінде соңғы қоңырау қалай өтеді

25 мамырда елордалық мектептерде дәстүрлі соңғы қоңырау өтеді.

Нұр-Сұлтан, NEGE. Биыл 1-10 сынып оқушылары үшін іс-шара онлайн форматта, ал мектеп бітіруші түлектер үшін білім мекемелерінің аулаларында өткізіледі. Елордалық білім басқармасының хабарлауынша, 1-10 сынып оқушылары үшін соңғы қоңырау онлайн, яғни сынып сағаты түрінде өтеді. Ал 11 сынып түлектері үшін іс-шара Нұр-Сұлтан қаласының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің ұсынымдарына сәйкес ашық ауада, мектеп ауласында дәстүрлі форматта өткізіледі.

Бұл ретте барлық санитарлық-эпидемиологиялық талаптар сақталатын болады. Мектеп аумағында және ғимаратында қашықтықты қамтамасыз ету үшін белгілер қойылды. Оған түлектердің ата-аналары немесе заңды өкілдері қатыса алады. Ал мектеп оқытушылары құрамынан алты адамнан артық қатысуына тыйым салынады. Маска режимі және іс-шараға қатысушылар арасында кемінде 2 метр қашықтықты сақтау қамтамасыз етіледі.

Қазір оқып жатыр

Ақтөбеде Жеңіс күніне арналған еске алу шаралары өтті

Тоқаев Мәскеудегі Жеңіс күніне арналған әскери шеруге қатысты

Қонаевта Жеңіс күніне орай боздақтар рухына тағзым жасалды

Астанадағы плац-концертте «Арланнан» түтін шықты