Елорда маңына қатынайтын барлық қоғамдық көлік тоқтатылды

Көктайғақ салдарынан елорда маңына қатынайтын барлық маршруттық автобустардың қозғалысы шектелді.

Нұр-Сұлтан, NEGE. Қоғамдық көлікке жауапты CTS компаниясы Instagram арқылы осындай хабар таратты. «Ауа райына байланысты көктайғақ салдарынан қала шетіне қатынайтын барлық маршруттық автобустардың қозғалысы шектелді» - делінген хабарламада. Қала ішіндегі маршруттық автобустардың қозғалысы да баяулап жатыр. Көлік компаниясы кейбір қала ішіндегі автобустар кестеден кешігуі мүмкін екенін ескертіп, тұрғындарды жағдайға түсіністікпен қарауды шақырып отыр.

Қазір оқып жатыр

Дубай соты қазақстандық бизнесмендерге 950 мың доллар айыппұл салды

Астана тұрғынының пәтерінен 20 мың доллар мен зергерлік бұйымдар ұрланды

Қазақстанның мемлекеттік қарызы бір тоқсанда 400 млрд теңгеге жетті

Чемпиондар вагоны: қарағандылық бишілер желіні тәнті етті