Елорда күні қарсаңында алматылық ақ халаттылар марапатталды

Елорда күні қарсаңында Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев қаланың медицина қызметкерлеріне мемлекеттік наградаларды тапсырды.

Алматы, NEGE. Ақ халаттылар бұл күні ІІІ дәрежелі «Барыс», «Парасат», «Құрмет» ордендерімен  марапатталды. Сондай-ақ, бірқатар дәрігердің омырауына «Ерен еңбегі үшін», «Шапағат» медальдары тағылды. Жалпы, індетпен күрес кезінде айрықша еңбегімен ерекшеленген әрбір қызметкер құрметке бөленді.