Елорда «қызыл» аймаққа енді
Қазақстанның үш өңірі коронавирустың таралу қаупі бойынша «қызыл» аймаққа енді.
Алматы, NEGE. Ел өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасына сәйкес, 16 қаңтар күні «қызыл» аймаққа Нұр-Сұлтан қаласы, Ақмола және Қостанай облыстары енгізілді.
«Сары» аймақта Алматы қаласы, Атырау, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан және Павлодар облыстары тұр.
Қалған өңірлер – «жасыл» аймақта.
Еске салайық, кеше елорданың Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің жаңа Қаулысы шықты.
Оған сәйкес, қалада карантин талаптары қайта күшейтілді. Демалыс күндері ойын-сауық мекемелері жұмысын тоқтатады. Сондай-ақ сенбі-жексенбіде қоғамдық көлік қатынамайды.
Бұдан бөлек, православ христиандарының Шоқыну мерекесіне орай жаппай суға шомылуға тыйым салынды.