Еліміздің əйелдер құрамасы Азия чемпионатында нысана көздеуден күміс медаль жеңіп алды

Джакартада өтіп жатқан нысана көздеуден Азия чемпионатында Қазақстан əйелдер құрамасы винтовкамен аинтовкамен 50 метрден 3 позицияда нысана көздеуде күміс жүлдегер атанды.

gov.kz

Алматы, NEGE. Командалық сында Александра Ле, Елизавета Безрукова мен Арина Алтухова бақ сынады. Олардың нəтижесі 1754 ұпай. Үндістан құрамасы (1760 балл) топ жарса, үздік үштікті Оңтүстік Корея түйіндеді.

Осы бағдарламада қазақстандық мергендер арасында ең көп ұпай жинаған (589 ұпай) Александра 7-орынға тұрақтап, Ұлттық құрамаға Париж ойындарының жолдамасын сыйлады. Сондай-ақ Никита Чирюкин жылдам оқ ататын тапаншамен 25 метрден нысана көздеуде Олимпиада лицензиясына ие болды.

Қазір Ұлттық құрама еншісінде 5 жолдама болды. Оларды Ислам Сатпаев, Арина Алтухова, Константин Малиновский, Александра Ле мен Никита Чирюкин жеңіп алды.

Индонезия астанасындағы Азия чемпионаты 18 қаңтарда аяқталады.

Қазір оқып жатыр

Маңғыстауда алғаш рет шала туған нәрестелердің көзіне күрделі ота жасала бастады

2024 жылғымен бірдей шықты. Ағайынды Тастекейлер былтыр НЕГЕ көтеріле алмады?

Денсаулық сақтау саласының үздігі Бақыт Түменова дүние салды

«Қайрат» бас бапкерімен қоштаса ма?