2026 жылғы 25 қыркүйек – Қазақстан Республикасындағы жалпыұлттық аза тұту күні 25 сентября 2026 года – День общенационального траура в Республике Казахстан

Еліміздің солтүстік өңірлеріне ерекше құқықтық мәртебе беріле ме?

Соңғы уақытта әлеуметтік желілерде әділет министрі Ерлан Сәрсембаев еліміздің солтүстік өңірлеріне ерекше құқықтық мәртебе беруді ұсынды деген ақпарат таралды.

Әділет министрлігі

Алматы, NEGE. ҚР Әділет министрлігі аталған ақпараттың шындыққа сәйкес келмейтінін ресми түрде мәлімдеді.

Сондай-ақ, жалған ақпарат тарату ҚР заңнамасына сәйкес қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғуы мүмкін екенін ескертті.

«Барша азаматтар мен бұқаралық ақпарат құралдарын тек ресми дереккөздерге және тексерілген ақпаратқа сүйенуге шақырамыз», – делінген хабарламада.