Еліміздің бірнеше өңірінде үсік жүреді

«Қазгидромет» РМК деректері бойынша алдағы күндері еліміздің бірнеше өңірінде ауа райы күрт өзгереді.

Pixabay

Алматы, NEGE. 1 қазанда Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Атырау, Батыс Қазақстан және Қызылорда облыстарында түнде -2...-3°С-қа дейін үсік жүреді. Жамбыл, Алматы, Жетісу және Түркістан облыстарында жаңбыр қарға ұласуы мүмкін. Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Павлодар, Шығыс Қазақстан және Қарағанды облыстарында да қар аралас жауын-шашын күтіледі.

Алматы, Түркістан, Қостанай, Павлодар және өзге де өңірлерде жел 15–20 м/с жылдамдықпен соғады.

Түркістан, Жамбыл, Ұлытау, Атырау, Батыс Қазақстан және Ақтөбе облыстарында төтенше өрт қаупі сақталады.

Алматыда 1 қазанда қатты жаңбыр жауады. Қонаевта жел 15–20 м/с-қа дейін күшейеді. Таразда ауа температурасы 8... 10°С-қа дейін төмендейді. Шымкентте найзағай ойнап, жел күшеюі мүмкін.

Қазір оқып жатыр

«Біз мұнда отбасымызбен демаламыз»: Алматы облысында 12 мыңға жуық адам сенбілік өткізді

Тоқаев Лукашенко мен Путинге қазақстандықты босатуға көмектескені үшін алғыс айтты

Түркістан облысында екі көпірді су шайып кетті

Алматыда жаппай төбелес кезінде екі оқушы көз жұмды