Еліміздің 11 өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды
«Қазгидромет» РМК синоптиктері 19 сәуірде еліміздің 11 өңірінде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасады.
Алматы, NEGE. Синоптиктердің болжамы бойынша, Жетісу облысының таулы аудандарында күндіз тұман түседі. Оңтүстік-батыстан жел соғады. Облыстың солтүстігінде, орталығында түнде 1-3 градус үсік жүреді.
Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында қар жауып, көктайғақ болады, күндіз облыстың батысында, шығысында көктайғақ болады. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында тұман түседі.
Павлодар облысының оңтүстігінде, шығысында жауын-шашын (көбінесе қар) жауады, көктайғақ болады. Батыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-шығысында екпіні 15-20 м/с.
Солтүстік Қазақстан облысында оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с, күндіз 15-20 м/с.
Абай облысының батысында, солтүстігінде, орталығында қар, жаяу бұрқасын, көктайғақ болады. Күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады. Түнде және таңертең облыстың оңтүстігінде, шығысында, орталығында тұман түседі. Жел солтүстік-батыстан соғады, түнде облыстың батысында, солтүстігінде, күндіз облыстың шығысында, оңтүстігінде, орталығында екпіні 15-20 м/с.
Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде қар, жаяу бұрқасын, көктайғақ болады. Жел солтүстік-батыстан соғады, түнде облыстың солтүстігінде, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с.
Ақмола облысының батысында жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады. Түнде облыстың шығысында көктайғақ болады. Солтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыстың батысында екпіні 15-20 м/с.
Қызылорда облысында жел солтүстік-батыстан соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында екпіні 15-20 м/с.
Қостанай облысының солтүстігінде, шығысында найзағай ойнайды. Түнде және таңертең облыстың батысында, оңтүстігінде тұман түседі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с.
Ақтөбе облысында оңтүстік-батыстан соққан жел солтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыстың солтүстігінде, орталығында екпіні 15-18 м/с.
Жамбыл облысының таулы аудандарында тұман түсіп, күндіз найзағай ойнайды. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында екпіні 15-20 м/с. Түнде облыстың оңтүстігінде топырақ бетінде 1 градус үсік сақталады.