8 октября 2025 г. 14:41

Елімізде зияткерлік меншік құқығын қорғау күшейтіледі

Фото: ғаламтордан

Мәжіліс зияткерлік меншік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заңды екінші оқылымда қабылдады.

Алматы, NEGE. Құжат Мемлекет басшысының «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты жолдауын іске асыру мақсатымен әзірленген. 2025 жылдың 23 сәуірінде бірінші оқылымда мақұлданды. Заңда зияткерлік меншік құқықтарын сақтау мен қорғауды қамтамасыз ету,

Түзетулер аясында тауар белгісі ретіндегі белгілеуді тіркеуге қарсылық беру мерзімі 1 айдан 2 айға ұзартылады. Сондай-ақ таңбаларды тауар белгілері ретінде сараптау мен тіркеуді жеделдету нормасы қарастырылған. Алдын ала сараптама жүргізу мерзімін өтініш берілген күннен бастап бір айдан 10 жұмыс күніне дейін, ал толық сараптама жүргізу мерзімін 7 айдан 3 айға дейін қысқарту ұсынылады.

Бұл дамушы брендті пайдаланудан пайда табуға байланысты үшінші тұлғалар тарапынан болатын жосықсыз іс-қимылдардың алдын алуға көмектеседі. Авторлардың жарияланған туындыларын таратуға, көпшілікке жеткізуге және көпшілік алдында орындауға байланысты құқықтарына қосымша шектеулер енгізіледі.

Осылайша, зағиптар мен көру қабілеті бұзылған немесе баспа өнімдерін қабылдау қабілеті шектеулі адамдар авторлардың келісімінсіз баспа өнімдері мен жарияланған туындыларға қол жеткізе алады. Сонымен қатар патенттік сенім білдірілген өкілдерді даралау құралдары мен өнеркәсіптік меншік объектілері бойынша мамандандыру институты енгізіледі.