Елімізде жылы ескі көліктерге такси қызметін атқаруға шектеу қойылуы мүмкін

Қазақстан стандарттау және метрология институты дайындаған жаңа заң жобасы қазір қоғамдық талқылауда, деп хабарлады 31 арна.

ғаламтордан

Алматы, NEGE. Алайда осы кәсіптен нәпақа тауып жүрген жүргізушілер жаңа талапқа қарсы.

Қазақстанда такси қызметін жүйелеу мақсатында жаңа заң жобасы әзірленді. Құжатқа сәйкес, енді жүргізушілер шыққанына 15 жылдан асқан көлікпен жолаушы тасымалдай алмауы мүмкін. Тіпті, осы кәсіппен нәпақа тапқыңыз келсе машинаңыздың жүріп өткен қашықтығы 500 шақырымнан аспауы тиіс. Жаңашылдық мемлекеттік стандарт жобасы аясында жүзеге асырылған.

«Заң жобасында такси қызметін ұйымдастыруды өзін-өзі реттеуге көшіру көзделеді. Ал бұл такси тасымалдаушыларының, таксидің ақпараттық-диспетчерлік қызметтерінің және таксиге тапсырыс берудің мобильді қосымшаларының жұмыс принципін өзгертуге, сондай-ақ такси тасымалдаушыларының өзін-өзі реттейтін ұйымға мүше болуына алып келеді», – деп жазды Қазақстан стандарттау және метрология институтының баспасөз қызметі.

Қазір оқып жатыр

Ақтөбеде Жеңіс күніне арналған еске алу шаралары өтті

Тоқаев Мәскеудегі Жеңіс күніне арналған әскери шеруге қатысты

Қонаевта Жеңіс күніне орай боздақтар рухына тағзым жасалды

Астанадағы плац-концертте «Арланнан» түтін шықты