Елімізде жыл соңына дейін 175 жаңа жолаушылар вагоны сатып алынады

Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр Үкіметте өткен баспасөз конференциясында Мемлекет басшысының көлік инфрақұрылымын дамыту бойынша берген тапсырмасы аясында жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы баяндады.

ғаламтордан

Астана, NEGE. Оның айтуынша елімізде бірқатар ірі теміржол жобалары іске асырылуда. Мәселен, «Достық – Мойынты» және «Алматы қаласының айналма жолы» жобалары аяқталу сатысында. Келесі жылы «Мойынты – Қызылжар», «Дарбаза – Мақтаарал» жобалары аяқталады. Ал 2027 жылы «Бақты – Аягөз» жобасы іске қосылады.

«Жыл соңына дейін 175 жаңа жолаушылар вагонын сатып алу жоспарлануда. Әуе хабтарын дамыту және әуе жүктерінің көлемін арттыру мақсатында әуежай инфрақұрылымы жаңғыртылуда, кедендік рәсімдер жеңілдетілуде, цифрлық шешімдер енгізілуде. Зайсан, Катонқарағай және Кендірлі курорттық аймақтарында әуежай құрылысы басталды. Автокөлік жолдары саласында 12 мың шақырым жол құрылыс және жөндеу жұмыстарымен қамтылған, оның 7 мың шақырым ағымдағы жылы соңына дейін аяқтау жоспарланып отыр»,

— деді ол.

Қазір оқып жатыр

Дубай соты қазақстандық бизнесмендерге 950 мың доллар айыппұл салды

Астана тұрғынының пәтерінен 20 мың доллар мен зергерлік бұйымдар ұрланды

Қазақстанның мемлекеттік қарызы бір тоқсанда 400 млрд теңгеге жетті

Чемпиондар вагоны: қарағандылық бишілер желіні тәнті етті