Елімізде халық саны қаншаға жетті?

Ұлттық статистика бюросы 1 қазандағы деректерді жариялады.

ғаламтордан

Алматы, NEGE. 2024 жылғы 1 қазанда Қазақстан халқының саны 20 млн 223 мың 218 адамға жетті. 

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, жыл басында халық саны 20 033 842 адам болған. Осылайша, 9 айдағы өсім 190 мың адамды құрады.

Қалада 12 704 977 адам, ал ауылда 7 518 241 адам тұрады. Сонымен қатар, елімізде әйелдер саны ерлерден көбірек: әйелдер – 10 342 959, ал ерлер – 9 880 259.

Қазір оқып жатыр

Қызылордада «TURǴYNDAR AMANATY» партиялық жобасы аясында форум өтті

Өнеркәсіптің өңдеу секторындағы өсімі төрт айда 9,9%-ды құрады

Қазақстанда бақбақтың қай түрін жұлғандарға 13 млн теңге айыппұл салынады?

Күзде пайызсыз ипотека беріле бастауы мүмкін