Елімізде елордаға орайластырып қойылған қанша есім бар?

Қазақстанда Астана есімді 24 адам тұрады. Мұндай есімді адамдардың басым бөлігі ерлер — 17 адам. Бұл жайында ұлттық статбюродан хабарланды.

© pixabay/Goumbik

Алматы, NEGE. Мұндай есімі бар қазақстандықтарды Ақтөбе, Алматы, Жамбыл, Қарағанды, Маңғыстау, Қызылорда, Түркістан және Жетісу облыстарында, сондай-ақ Астана, Алматы, Шымкент қалаларында кездестіруге болады.

Сондай-ақ Астана атауын қамтитын өзге де есімдер бар.

Бұлар — Астанабек, Астанадин, Астанай, Астанақұл, Астанали, Астанахан, Астанат, Ерастанахан, Нұрастана, Саммидастана, Элин Астана, Ару-Астана.

Қазір оқып жатыр

Мейіржан Төребаев бостандыққа шықты

Тоқаев пен Пезешкиан бір-бірін Наурыз мейрамымен құттықтады

Ақпарат министрі Аида Балаева Ботагөз Омарованың ісі жайлы не дейді?

Тоқаев Қазақстан халқын Наурыз мейрамымен құттықтады