Елімізде 15 қыркүйектен бастап зейнетақы жинағын тіс емдеуге пайдалану тоқтатылады

Қазақстанда стоматологиялық қызметтерді төлеу үшін зейнетақы жинақтарын пайдалануға өтінімдер қабылдау уақытша тоқтатылады. Шектеулер 15 қыркүйектен бастап күшіне енеді.

pixabay.com

Алматы, NEGE. «Құрметті клиенттер, 2025 жылғы 15 қыркүйектен бастап enpf-otbasy.kz платформасында тіс емдеуге зейнетақы жинақтарын (БЖЗҚ қаражатын) пайдалану бойынша өтінімдер қабылдау тоқтатылады. Бұл күнге дейін берілген барлық өтінім қалыпты тәртіпте қаралады және өңделеді», – деп мәлімдеді «Отбасы банк».

Тіс емдеуге БЖЗҚ қаражатын пайдалану үшін өтінім қабылдау қайта қашан басталатыны туралы банк қосымша хабарлайды.

Қазір оқып жатыр

Абай облысындағы шахтада жұмысшы қаза тапты

Израиль президенті Астанаға келді

Мәсімовтің іздеуде жүрген бұрынғы күйеу баласы Бішкектен табылды

Ерлі-зайыпты Жанабыловтар сотталды