Эльмира Сыздықова әйелдер күресінен Польшадағы турнирде күміс медаль жеңіп алды

Қазақстандық балуан Эльмира Сыздықова әйелдер күресінен Польшаның Варшава қаласында өтіп жатқан халықаралық турнирдің финалына дейін жетті.

ҰОК

Алматы, NEGE. Спортшы бұл жарыста 76 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде ел намысын қорғады. Жартылай финалда Сыздықова италиялық Энрика Ринальтиден басым түсіп, финалға жолдама алды. Алайда шешуші белдесуге қатыспай, турнирден бас тартты.

Нәтижесінде Эльмира Сыздықова Польшадағы турнирде күміс жүлдегер атанды. Сонымен қатар Қазақстан құрамасының қоржынына тағы бір медаль түсті.

55 келіге дейінгі салмақта Зульфия Яхиярова қола жүлде жеңіп алды.

Қазір оқып жатыр

Біріккен Араб Әмірліктері ОПЕК-тен шығу туралы шешім қабылдады

Үйқамақта болуы тиіс Олеся Кексель Алматы әуежайында не істеп жүр?

Жамбыл облысында экс-депутаттың партиядан шығарылуына қатысты іс қайта қаралады

АМӨЗ-дегі экологиялық жанжал және Атырау тұрғындарының денсаулығы: деректер не дейді?