Елизавета II келесі ханшайым кім болатынын айтты

Ұлыбритания патшайымы Елизавета II таққа отыруының 70 жылдығы қарсаңында халыққа және оның отбасына қолдау көрсеткені үшін алғыс білдіріп, мерейтойын тойлауды асыға күтетінін мәлімдеді.

Алматы, NEGE. Хаттың мәтіні Букингем сарайының Twitter-парақшасында жарияланды.

"Кейінгі жеті онжылдықта біздің барлығымызға пайда әкелген ерекше әлеуметтік, технологиялық және мәдени ұмтылыс байқалды. Болашақ бізге, әсіресе, Ұлыбританиядағы және бүкіл Достастықтағы жастарға осындай мүмкіндіктер ұсынатынына сенімдімін", - деп атап өтті II Елизавета.

Ол, сондай-ақ, 2021 жылдың көктемінде қайтыс болған жұбайы Ханзада Филиппті еске алды.

"Мен сіздерге мәңгі риза болып өтемін және маған деген адалдықтарыңыз бен сүйіспеншіліктеріңіз үшін қарыздармын. Таққа отыратын уақыт келгенде менің ұлым Чарльз бен оның жары Камиллаға сіздер маған көрсеткендей қолдау білдіреді деп сенемін", - деді ханшайым.

Қазір оқып жатыр

Ақтау теңіз портының бұрынғы басшысы сотталып, сот залында босатылды

Қазақстанда соғыс ардагерлерінің әрқайсысына 10 мың доллардан көмек берілді

Оралда өлім себебін жасырған сарапшы сотқа тартылды

Нұрай Серікбайдың қазасы: полиция күдіктінің туыстарын тексеріп жатыр