Элизабет Тұрсынбаева танымалдармен бірге шоу көрсетеді

Мәнерлеп сырғанаудан Қазақстан командасының мүшесі Элизабет Тұрсынбаева танымал жаттықтырушы Этери Тутберидзенің шоуына қатысады. Бұл туралы Ұлттық Олимпиада комитеті хабарлады.

Алматы, NEGE. 2020 жылдың 3 сәуірі күні Пермь қаласында басталатын шоуда Тұрсынбаевадан бөлек, Олимпиада чемпионы Алина Загитова, Александра Трусова, Алена Косторная, Анна Щербакова, Камила Валиевалар өнер көрсетеді.

Сонымен қатар, ресейлік жұлдыздар Евгения Тарасова, Владимир Морозов, Виктория Синицына, Никита Кацалаповар да мұз айдынға шығады.


 

Қазір оқып жатыр

Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымын әскери альянс ретінде сипаттайтындарға жауап берді

Нұрәлі Әлиев нағашы әжесі Сара Назарбаеваның ісін қолға алмақ

Қырғызстанда ММА шебері Медет Жээналиев қаза болды

1 маусымда «Алматы жастары» бағдарламасына өтінім қабылдау басталады