Елімізге өткен тәулікте 27 азамат ПТР-анықтамасыз ұшып келді

27 наурызда Қазақстан аумағына Швейцария, Мальдив Республикасы, БАӘ, Мысыр, Түркия, Ресей Федерациясы, Өзбекстан, Украина және Қырғызстаннан 36 халықаралық әуе рейсі келді.

Алматы, NEGE. 4 674 әуе жолаушыларының ішінде ПТР-тестілеудің теріс нәтижесі бар анықтамамен 4 647 адам, анықтамасыз 27 ҚР азаматы келді. Оның ішінде: Алматы қаласының әуежайына – 21 рейс, 2 758 жолаушы, анықтамамен – 2 741, анықтамасыз – 17; Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына – 4 рейс, 368 жолаушы, анықтамамен – 358; анықтамасыз – 10; Шымкент қаласының әуежайына – 6 рейс, барлық 731 жолаушы анықтамамен келген; Ақтөбе қаласының әуежайына – 2 рейс, барлық 371 жолаушы анықтамамен келген; Атырау қаласының әуежайына – 2 рейс, барлық 298 жолаушы анықтамамен келген; Ақтау қаласының әуежайына – 1 рейс, барлық 148 жолаушы анықтамамен келген; Анықтамасыз келген Қазақстан азаматтары келген жерлері бойынша COVID-19-ға ПТР-талдау әдісімен тестіленді және карантиндік стационарларда өз нәтижелерін күтуде.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев Президент Әкімшілігін басқарған Айбек Дәдебайдың жұмысына баға берді

«Қазмырыш» зауытындағы жарылыс: екі адамның қазасынан кейін қылмыстық іс қозғалды

Жылдамдықты 2 км/сағатқа асырғаны үшін айыппұл салына ма: ІІМ жауап берді

Алматыда жылу-электр орталығын шоты бұғатталған компания салмақ