Еліміздің үш өңірінде карантин талаптары күшейтіледі

Қазақстанның кей өңірінде карантин талаптарының сақталуына бақылау күшейеді. Премьер-Министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов осындай тапсырма берді.

Алматы, NEGE. Себебі өңірлерде карантин талаптарын жеңілдету ауруды жұқтырғандар санының көбеюіне себеп болып жатыр. Осыған орай  Батыс Қазақстан, Қызылорда, Маңғыстау облыстары әкімдіктеріне санитарлық талаптардың орындалуына бақылауды күшейту, сондай-ақ шектеу шараларын күшейту мүмкіндігін қарастыру тапсырылды. 

ҚР Премьер-министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов: "Өңір әкімдіктері санитарлық-эпидемиологиялық талаптардың орындалуын қатаң бақылауда ұстауы тиіс. Талаптарды орындамаған бизнес субъектілерінің қызметін анықталған кемшіліктерді орнына келтіргенше уақытша тоқтату қажет. Бұл шаралар азаматтарымыздың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін аса маңызды", - деді.

Қазір оқып жатыр

Қазақстанда бензин мен дизель отыны бағасы өсуі мүмкін

Ер адам мемлекеттен үй алу үшін кезегін 30 жыл күткен

Ақылы жолдарда лазерлер орнатыла бастады: ол не үшін қажет?

Астанада тоғыз қабатты тұрғын үйде өрт шықты