Еліміздің төрт қаласында ауа сапасы нашарлайды

Бүгін Қазақстанның көптеген қаласында қолайлы метеорологиялық жағдай сақталады, деп хабарлайды Қазгидромет.

Алматы, NEGE. "30 сәуірде Нұр-Сұлтан, Алматы, Жезқазған және Павлодар қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдай қалыптасады. Өзге шаһарларда атмосфералық ауа сапасы норма шегінде болады", - деп жазылған хабарламада.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы. 

Қолайсыз метеорологиялық жағдайда елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы мүмкін.