Еліміздің оңтүстігінде шетел азаматы теракт ұйымдастырмақ болған
ҰҚК мәліметінше, шетелдік азамат еліміздің оңтүстігінде террорлық акт жасамақ болған.
Алматы, NEGE. Биыл жыл басынан бері Ұлттық қауіпсіздік комитетінің терроризммен күрес бөлімшелері оңтүстік Қазақстанда шетелдік азамат қолдан жасалған жарылғыш құрылғысын қолдану арқылы жасамақ болған террористік актінің алдын алды.
Одан бөлек астанада радикалды діни ұйымның 8 мүшесі террористік топты құру, қаржыландыру, өзге де қылмыстарға қатысы бар деген күдікке ілінді.
Осындай фактілер бойынша 19 адам ұсталып, Қазақстанның тағы 4 азаматы әртүрлі мерзімге бас бостандығынан айырылды.